«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта Түркістан епархиясының 150 жылдығына арналған марка шығарды

12 қыркүйек 2022

news-img

Бүгін, 2022 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында Түркістан епархиясының 150 жылдығына орай шығарылған «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясынан 4 (төрт) пошта маркасы айналымға енгізілді. Пошта маркаларында Успенск кафедралды соборы, Христостың туу құрметіне арналған собор, Әулие Александр Невскийдің құрметіне арналған храм, Вознесенск кафедралды соборы бейнеленген.

Пошта маркаларына арнайы белгі соғу рәсімі Қазақстан Православие шіркеуінің мәдени-рухани орталығында, оның басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Бұл маркалар бұған дейін шығарылған маркалардың топтамасына керемет қосымша болмақ. 2003 жылы Алматы қаласының орталық мешіті мен Вознесенск кафедралды соборы ғимараты бейнеленген «Ислам діні және әлемнің басқа діндері» сериясы шығарылған еді. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы қаласындағы Пресвятая Троицаның Рим-Католиктік приходына және «Хабад Любавич» Синагогасына арналған маркалар топтамасы шығарылды. «Қазпошта» АҚ-да түрлі конфессияны танытатын 18 000 мыңға жуық адам еңбек етеді. Біздің қызметкерлеріміз Қазпоштаның негізгі құндылығы, сол себепті әрқайсысының діни сенім бостандығы құқығын құрметтейміз. Алдағы уақытта да компания дін және конфессияаралық диалог тақырыбына арналған маркаларды шығаруға дайын», - деді құттықтау сөзінде «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.

«Мерейтой қарсаңында арнайы біздің өтінішіміз бойынша Митрополиттік округтің қайырымдылық қаражатына «Қазпошта» АҚ еліміздің рухани және мәдени көрікті жерлері, республиканың сәулеті – әдемі, көркем орындалған храмдар бейнеленген төрт марка шығарды. Маркаларда бейнеленген Вознесенск және Христостың туу құрметіне арналған екі собор Қазақстанның жүз жалпыұлттық қасиетті объектілерінің тізіміне енгізілген», - деді Астана және Қазақстан митрополиті Александр.

Рәсімге қатысушылар әлемнің 49 елінен делегаттар келеді деп күтілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі қарсаңында маркаларды шығару және арнайы белгі соғу рәсімін өткізудің символдық мәнін атап өтті.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.