«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта Барыс жылына арналған марка шығарды

24 маусым 2022

news-img

Бүгін, 24 маусымда "Шығыс жұлдызнамасы" сериясынан "Барыс жылы" тақырыбындағы пошта маркасы айналымға енгізіледі. Номиналы 900 теңгелік марка 10 000 данамен шығарылады.

Бір маркалы пошта блогының көлемі 80 х 80 мм, ал диаметрі - 40 мм. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық. Ультракүлгін бояуы бар және лакталған қорғаныс элементтерінен тұрады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 28 маусымда Қазпошта "Мемлекет саясаты" сериясынан "Қайырымдылық" тақырыбында пошта маркасын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Пошта маркасының номиналы - "С" литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жер үсті көлігімен салмағы 50 граммға дейінгі тапсырысты хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы 9 мың дана. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық. Пішіні- 6 маркадан тұратын парақ. Өлшемі 18 х 40 мм. Маркада ультракүлгін бояумен қорғаныс элементтері қолданылған. Пошта маркасының эскизін ПРЕЗИДЕНТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ ұсынып, әзірлеген.

Қазпоштаның осы маркалары ел аумағындағы пошта айналымына ғана жоспарланған.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.