«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазақ радиосының 100 жылдығы мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің 25 жылдығына орай пошта маркалары шығарылды

01 қазан 2021

news-img

«Қазпошта» АҚ Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркасының таралымы 2 млн дана, көлемі 26 х 18 мм. Марканың номиналы - 100 теңге. Мерекелік пошта маркасы Қазақстан аумағында 2021 жылдың 7 қазанында айналымға енгізіледі.

Сонымен бірге Қазпошта Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркасының тиражы 1 млн дана. Оның номиналы 300 теңге. Көлемі 26 х 18 мм, литерасы «В». Дизайнер Іңкәрім-ай Оңғарбай. Марканы еліміздің кез келген өңіріндегі пошта бөлімшесінен сатып алу мүмкіндігі бар.

Биыл Ұлттық пошта операторы «Фауна» және «Естелік және мерейтой күндері» сериясы бойынша әртүрлі тақырыпта 13 млн дана стандартты пошта маркасын шығарады.

Пошта маркасы - бұл пошта операторының жазбаша хат-хабарларды жіберу қызметіне ақы төленгенін растайтын Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгісі. Пошта маркаларын шығару – «Қазпошта»АҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ұлттық пошта операторының ел аумағындағы өндірістік объектілері ішкі және халықаралық жазбаша хат-хабарлар пошта төлемінің белгілерімен ғана жіберіледі.

Жалпы Қазақстанда 1200-ден астам пошта маркасы айналымға енгізілген. Олардың тақырыптары әртүрлі. Табиғат, тарих, мәдениет, спорт, ғарыш, мемлекетіміздің әлеуметтік және саяси өмірі бағытында пошта маркалары бар. Биыл еліміздің маркалар топтамасы XI ұлттық «Белфила – 2021» филателия көрмесінде «Қазақстан Республикасының пошта маркасы» естелік алтын медалімен марапатталды. Бұл шара XXX халықаралық «Витебсктегі Славян базары» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.