«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Ғалия Абралиева: "Кішкентай кезінде қыздар қуыршақпен ойнаса, мен ауылға келетін пошташыны аңдып жүруші едім"

20 қыркүйек 2022

news-img

Дүниежүзілік пошта күні қарсаңында #Қазпошта келбеті айдарымен әріптестеріміз туралы ақпарат жариялайтын боламыз. Алғашқы кейіпкеріміз «Құрметті байланысшы» - Ғалия Абралиева

Ғалия Шәкірқызы Абралиева – «Қазпошта» АҚ Хабтарды және логистикалық желілерді басқару департаментінің бас менеджері.

Кішкентай кезінде қыздар қуыршақпен ойнаса, мен ауылға келетін пошташыны аңдып жүруші едім. Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақбақты елдімекенінде тұрамыз. Газет-журналын құшақтап пошташы келгенде біздің ауылда кәдімгідей мереке болатын. Бірі алыстағы ағайыннан хат алып қуанып жатса, енді бірі газетке жазылған жаңалықтарды үлкендерге жарыса оқып жатады. Содан болар менің пошташыға деген құрметім ерекше болды. Соның іс-қимылын қайталап, тізілген кітаптың арасына газеттерді қыстырып ойнайтынмын. Бойжетіп мамандық таңдаған кезде ойланбастан кәсіптік-техникалық училищесіне түсіп, баспасөз өнімдерін жөнелту және жеткізу байланысының сорттаушы операторы атандым. Кейін Алматы Байланыс электротехникумын, Алматы энергетика және байланыс институтын қызыл дипломмен бітірдім.

Бір қызығы, Ғалия Абралиева училище, техникумды орыс тілінде бітірсе де, туған тіліне деген құрметін жоғалтпаған. Тіл жанашыры. Үнемі ізденіп, кітап оқып жүреді. Кеше ғана «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» «Қазпошта» қызметкерлері арасында өткен байқауда Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысалын» оқып, көрерменді тәнті етті.

Тәжірибелі маман бос уақытында тоқыма тоқиды. Кроссворд шешеді. «Сол үшін арнайы кроссворды бар газетке жазыламын»-дейді біздің кейіпкер. Пошта - ол ежелгі заманнан әртүрлі тәсілмен халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан сала. Сондықтан тұтынушылары көп болатынына сенімдімін. Заманауи талапқа сай қызметі де көбейді. Бұл туралы бірі білсе, бірі білмейді. Дегенмен, мен «Қазпоштаның» болашағына сенемін! Мереке құтты болсын, әріптестер!

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.