«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

«Самрұқ-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының жастар қозғалысының өкілдері Қазпоштаның өндірістік нысандарына барды

26 мамыр 2023

news-img

Бүгін «Самрұқ-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдеріне Астана поштамты мен қаладағы сұрыптау орталығының өндірістік процестері таныстырылды.

Іс-шара қатысушыларына Орталық операциялық учаскесінің, сәлемдемелер супермаркетінің, сұрыптау орталығының жұмысы таныстырылды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу және жолдау алгоритмі көрсетілді. Олар пошта жөнелтілімдерінің қалай буып-түйіліп, бағыттар бойынша таратылатынын көрді, сонымен бірге жеткізу мерзімдері туралы біліп, пошта қызметкерінің жұмысымен танысты, оларға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.

«Пошта бөлімшесінде 750-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың арасында пошташылар, байланыс операторлары, сұрыптаушылар, курьерлер, жүргізушілер, инкассаторлар бар. Бір қызығы олардың жартысына жуығы - қырық жастан аспаған жас мамандар. Жастар – қоғамның болашағы, сондықтан жас қызметкерлерді өндіріске, филиал өміріне тарту біз үшін маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Бізде өзіміздің тәлімгерлер, жастар кеңесі белсенді түрде жұмыс істеуде. Одан бөлек филиалдың кәсіподақ комитеті мүшелерінің 80%-ы жас қызметкерлер екенін атап өткім келеді», - дейді Астана поштамтының директоры Бақытжан Маликова.

Портфельдік компаниялардың жастар құрамының көшпелі бағдарламасын қордың жастар саясатын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай оператор – әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы ұйымдастырды.

Іс-шара жас мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және байланыс орнатуға, кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктерге, ой-өрісін кеңейтуге, компаниялардың тиімді өзара іс-қимылын ынталандыруға бағытталған.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.