21 қыркүйек 2023
Құрметті БАҚ және қоғам өкілдері!
«Қазпошта» АҚ Шымкент қалалық филиалында келісім-шарт негізінде пошта қызметін көрсететін франчайзингтік компания қызметкерлерінің, жүргізуші куәліктері үшін заңсыз үстем ақы қосып мемлекеттік баж алу фактілерін анықтады.
Осы жағдайға байланысты «Қазпошта» АҚ 2023 жылдың 1 қазанынан бастап франчайзингтік компаниямен келісімді бұзу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, учаскедегі жұмысты «Қазпошта» АҚ штаттық қызметкерлері жүргізетінін хабарлаймыз.
Бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ құқық қорғау органдарымен бірге белсенді жұмыс атқаруда.
Осыған ұқсас заңсыз үстеме ақыға тап болған азаматтарды 1499 қысқа нөміріне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы хабарласуға шақырамыз. Сіздің көмегіңіз бен ақпаратыңыз біз үшін өте маңызды.
Түсініспеушілік үшін кешірім сұраймыз және болашақта осындай оқиғаларды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға уәде береміз.
Құрметпен, «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.