18 қыркүйек 2023
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ел тұрғындары!
"Қазпошта" Акционерлік қоғамының әлеуметтік желілерде тараған резонанстық видеоға еш қатысы жоқ.
2017 жылдан бастап багаждарды тасымалдауға қатысты қызметтер "Терминал-А" жеке компаниясымен ұсынылатынын және аталған компания "Қорғас" ХШЫО арқылы багажды қабылдау, тасымалдау және беру қызметіне жауапты екенін хабарлаймыз. Сонымен бірге, жеке компания аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына, "Қорғас" ХШЫО-мен өткізілген конкурс нәтижелеріне сәйкес ие болғанын мәлімдейміз.
Одан бөлек, "Қорғас" ХШЫО аумағында "Қазпошта" АҚ еліміздің басқа банктері секілді, тек қаржылық қызметтерді ұсынатынын хабарлаймыз (банкомат пен валюта айырбастау пункті қызметі).
Барлық азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан осы жайтты ескеруді және "Қорғас" ХШЫО-ға багажды тасымалдау мәселесінде біздің компанияға қатысты қате әрі негізсіз болжамдар жасамауды сұраймыз.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.