«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазақстан мен Эстонияның пошта қызметтері ынтымақтастық перспективаларын талқылады

18 қараша 2021

news-img

"Қазпошта "АҚ және "Eesti Post " АҚ (бұдан әрі - Omniva) Эстония поштасы делегациясының Қазақстанға іскерлік сапары аясында өзара тиімді серіктестік мүмкіндіктерін талқылау мақсатында екіжақты кездесу өткізді. Атап айтқанда, компания басшылары Серік Саудабаев пен Mart Mägi интернет - сауданы дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, халықаралық жөнелтімдер үшін «соңғы миля» мүмкіндіктері мен стандарттарына назар аударды.

Omniva компаниясының өкілдері Эстонияның сәлемдеме автоматтарын автоматтандырылған сұрыптау және олармен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Қазпошта өз кезегінде әріптестеріне екі күндік сапар аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сәлемдемелер супермаркеттерінің, Алматы облысындағы "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА аумағындағы Қазпочтаның транзиттік қоймасының жұмысымен танысуды ұсынды.

Бүгінгі таңда Қазпошта мен Omniva арасындағы пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық Дүниежүзілік пошта одағының актілері мен регламенттеріне сәйкес, сондай-ақ екіжақты негізде жүзеге асырылады. Қазақстан мен Эстонияның пошта әкімшіліктері арасында халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу жер үсті және әуе көлігімен жүргізіледі. 2 аптада 1 рет Литва (Вильнюс) арқылы транзитпен, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Таллин қаласына Франкфурт қаласы арқылы транзиттік авиарейстермен әуе көлігі көмегімен іске асырылады.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.