«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

2022 жылға баспасөз басылымдарына жазылым

25 қазан 2021

news-img

Құрметті жазылушылар!

«Қазпошта» акционерлік қоғамы 2021 жылдың 04 қазанынан бастап 2022 жылға газеттер мен журналдарға жазылу науқаны басталғандығын, сондай-ақ оның келесідей мерзімдерге дейін жүргізілетінін хабарлайды:

  • республикалық басылымдарға – 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін;

  • Ресей Федерациясының баспалары мен агенттіктерінің 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған каталогтарына және де «Қазпошта» АҚ 2022 жылға «Газеттер мен журналдар» каталогына қосылған басқа мемлекеттердің басылымдарына – 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін.

Сізге 3 мыңнан астам әр түрлі газеттер пен журналдарға жазылымды рәсімдеуге мүмкіншілік беріледі.

2022 жылғы Қазақстан Республикасы басылымдарына жазылымды «Қазпошта» АҚ-ның «Газеттер мен журналдар» каталогы бойынша 2022 жылға арналған (жылдық) каталогы бойынша рәсімдеуге болады, сондай-ақ республикалық басылымдармен бірге каталогтардың көмегімен Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы басылымдарына жазылымды рәсімдей аласыз.

Сонымен қатар, ресей басылымдарына «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп шығарған Ресей Федерациясы «Агентство по распространению зарубежных изданий» ААҚ-ның 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығына ҚР жазылушыларына арналған «Российская пресса» электрондық каталогы бойынша жазыла аласыз:

Сіз «Қазпошта» АҚ-ның кез келген пошта байланысы бөлімшелерінде, жазылымды қабылдау пунктерінде қажетті ақпараттарды алып, жазылымды рәсімдей аласыз.

Анықтама телефондары:

Каталогтарда әрбiр басылым атауынан кeйiн рeдакцияның (баспагeрдiң) тeлeфон нөмiрi көрсeтiлгeн.

Өзіңізді қызықтырған қосымша ақпаратты кез келген пошта байланысы бөлiмшeсiнде, пошта байланысы аудандық (қалалық) тораптарында, поштамттарда, www.kazpost.kz сайтында, және «Қазпошта» АҚ-ның Байланыс орталығынан мына нөмірлер арқылы ала аласыз:

  • post.kz сайтындағы Qpost бот арқылы тегін қоңырау шалу;

  • +7 727 259 06 05 нөмірі бойынша (Алматы тұрғындары үшін тегін), басқа аймақтар үшін минутына 7 теңге;

-1499 нөмірімен (тәулік бойы), барлық абоненттер үшін – минутына 18 теңге, қалалық телефон нөмірінен қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ, каталогтарға eнгiзiлгeн басылымдар бойынша және де 2022 жылға газеттер мен журналдарға жазылымды рәсімдеудің мерзімдері мен тәртіптері туралы қосымша ақпарат алу үшiн Сіз тікелей «Қазпошта» АҚ-ның аймақтық филиалдарына немесе «Пошталық сервис» филиалына 8(727) 259-77-29, 259-75-99 нөмірлеріне тікелей хабарласа аласыз.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.