«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

«Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №17/22 шешімі

04 қаңтар 2023

2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының кейбір мәселелері туралы» мәселе қаралды («Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс жеке отырысының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 17/22 хаттамасы).

Келесі шешімдер қабылданды:

  1. 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап:

1) Мельников Николай Александрович қоса беріліп отырған еңбек шарты жобасының талаптарына сәйкес бөлшек сауда, агенттік бизнес және цифрландыру жөніндегі Басқарушы директор - «Қазпошта» АҚ Басқарма мүшесі болып сайлансын;

2) Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы қоса беріліп отырған еңбек шарты жобасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына қол жеткізгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына қол жеткізу құқығынсыз тәуекелдер, құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарушы директор – «Қазпошта» АҚ Басқарма мүшесі болып сайлансын.

  1. Бөлшек сауда, агенттік бизнес және цифрландыру жөніндегі Басқарушы директор - Басқарма мүшесі «Қазпошта» АҚ Басқармасының мүшесі Мельников Н.А. пен тәуекелдер, құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс жөніндегі Басқарушы директор - «Қазпошта» АҚ Басқармасының мүшесі Кощанова Ж.Т. өкілеттік мерзімі 2023 жылғы 01 қыркүйекке дейін, «Қазпошта» АҚ Басқармасының жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленсін.

  2. «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы А.Ж. Жанасоваға жұмыс берушінің тиісті актілеріне және еңбек шарттарына қосымша келісімдерге қол қоюға және осы шешімнен туындайтын шара қабылдауға өкілеттік берілсін.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.