«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Дүниежүзілік пошта одағы Астанада семинар өткізуде

17 қаңтар 2023

news-img

Бүгін «Қазпошта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросымен бірлесіп, Астанада операциялық тиімділік және электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі алғашқы өңірлік семинарын ұйымдастырып жатыр. Семинардың жұмысына Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросының, Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың, РostЕurope пошта операторлары қауымдастығының өкілдері, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия пошта қызметтерінің өкілдері қатысады.

Халықаралық семинардың мақсаты – пошта желісіндегі жеткізудің тиімділігін арттыру, ұлттық пошта операторларына барлық қолжетімді АТ құралдарын, соңынан бастап соңына дейін (E2E) жүйелерін, операциялық процестерді модернизациялауға көмектесу. Оқыту E2E жеткізу сенімділігін арттыру арқылы электрондық коммерция нарығының одан әрі өсуіне ықпал ететін операциялық шешімдерді енгізуге бағытталған. Оқыту нәтижелері ашық электрондық хабар алмасуға және уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

«Қазпошта» АҚ-да осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесі бар. Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп халықаралық оқыту семинарларын сәтті ұйымдастырған болатын. Біз халықаралық деңгейде тиімді іс-шаралар өткізуге мүдделіміз. Оның үстіне біздің компания электрондық коммерцияны басым бизнес-бағыт ретінде дамытады. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандық пошта операторының жоспарында халықаралық бизнесті дамыту, электрондық сауда саласындағы интернет-алыптармен ынтымақтастық құру, өз алаңдарын іске қосу бар», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Электрондық коммерцияны дамыту Қазақстан үшін тауарларды өткізудің жаһандық ресурстары бар халықаралық нарықты, сапалы өнімге қолжетімділікті, қолма-қол ақшасыз қаржы құралдарына көшу мүмкіндігін береді. Астанада 17-19 қаңтар аралығында өтіп жатқан халықаралық семинар үш күнге созылады.

18 қаңтарда Байланыс саласындағы өңірлік достастық пошта өнімдерін дамыту, электрондық коммерция және оларды цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысын өткізеді. Электрондық коммерция ұсынатын пошта төлемдері, халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу, бизнесті кеңейту мәселелері қаралатын болады.

Анықтама: Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) – құрамында 192 мүше-ел бар әлемдегі екінші көне халықаралық ұйым. ДПО пошта ынтымақтастығына жәрдемдеседі, пошта қызметтеріне қатысушы елдердің пошта қызметтері арқылы халықаралық транзит бойынша хат-хабарларды жіберуде орасан зор мүмкіндіктер береді, осылайша кедендік рәсімдерді жетілдіреді және жеңілдетеді. Одақ 1874 жылы құрылған, штаб-пәтері Бернде (Швейцария) орналасқан. Ұйым БҰҰ-ның құрамына кіреді. ДПО шеңберінде екі негізгі орган жұмыс істейді: Конгресс және Әкімшілік кеңес. Конгресс Дүниежүзілік пошта одағының жоғарғы органы және әр төрт жыл сайын жиналады. ДПО-ға мүше 192 елдің өкілетті өкілдері жаңа Дүниежүзілік пошта стратегиясы туралы шешім қабылдау және халықаралық пошта алмасуларының болашақ ережелерін белгілеу үшін жиналады. Әкімшілік кеңес 41 мүше елден тұрады және жыл сайын ДПО штаб-пәтерінде бас қосады. Кеңес Конгресстер арасындағы ДПО жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді, оның қызметін бақылайды және нормативтік, әкімшілік, заңнамалық және құқықтық мәселелерді зерттейді.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.