«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30-жылдығына орай естелік пошта маркасының тұсаукесері Астанада өтті

08 қараша 2022

news-img

7 қарашада Астанада Орталық Азиядағы тұңғыш «Қанаттылар» инклюзивті театры сахналаған «Қызжылаған» спектаклінің тұсаукесерімен Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін мерекелеу шарасы өтті.

Іс-шараны Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының қолдауымен ұйымдастырды. Шараға 500-ден астам адам, оның ішінде ҚР орталық мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес сектор, мүгедектігі бар адамдар істері бойынша қоғамдастықтар, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми топтар өкілдері және барша қызығушылық танытқан қонақтар қатысты. Биылғы БҰҰ күні Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30-жылдығы, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне көмек көрсету туралы қарарының 25 жылдығы аясындаөтуде.

Сондай-ақ шара барысында Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30-жылдығына орай естелік пошта маркасының тұсаукесері өтті. 2022 ж. 26 қазанда «Естелік жәнемерейтойлық күндер» сериясының маркасы айналымға енгізілді. Марка кескіндемесінің негізі ретінде домбыра таңдалды, себебі қазақтың дәстүрлі домбыра күйі ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне енгізілген.

- Пошта және қаржылық қызметтердің ұлттық операторы «Қазпошта» үшін осындай тамаша іс-шараға қатысу үлкен мәртебе. Біз естелік пошта маркасын айналымға енгізуге қуаныштымыз. БҰҰ-мен бірлескен маркаларды шығару жақсы дәстүрге айналған. Қазақстанда пошталық айналымда БҰҰ-ның 50 және 60 жылдығына орай шығарылған маркалар қолданылады. Олар елдер арасындағы қарым-қатынас саласындағы көп жылғы ынтымақтастықтың белгісі, – деді «Қазпошта» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Сәуле Әбілбаева.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.