27 ақпан 2023
Еуразиялық кеңістікте трансшекаралық сауданы жүзеге асыру және электрондық коммерция үшін халықаралық логистикалық дәлізді ұйымдастыру мақсатында, ҚР-дағы Уәкілетті экономикалық оператор – «Қазпошта» АҚ мен Еуропалық Одақтың (ЕО) Уәкілетті экономикалық операторы – «WEA-Transport» GmbH (Германия) компаниясымен және Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Уәкілетті экономикалық операторы – «Huapengfei Co. Ltd» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл өзара тиімді сыртқы экономикалық қызмет үшін ҚР, ҚХР және ЕО уәкілетті экономикалық операторлары арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың алғашқы меморандумы болып табылады.
Меморандумға халықаралық логистикалық платформаны дамыту және тауарларды жеткізудің қауіпсіз тізбегін бірлесіп пайдалану мақсатында қол қойылды. Аталған келісім «Бір белдеу – Бір жол», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сынды Еуразиялық кеңістіктегі трансшекаралық саудаға қолдау көрсетуге бағытталған. Арнайы кедендік жеңілдіктерді пайдалану кезінде, тауарларды кедендік декларациялауға кететін уақыт пен қаржылық шығындар барынша азайтылып, логистикалық тізбек оңтайландырылады, сондай-ақ тауардың бір жерде тұрып қалу уақыты қысқарады.
«Қазақстан Республикасының Уәкілетті экономикалық операторы мәртебесі бізге кедендік ресімдеу және тексеруді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз осындай ірі компаниялармен ынтымақтастық Қазақстан арқылы транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз", - дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.