«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта Ұжымдық шартына қызметкерлердің пайдасына өзгерістер енгізілді

24 қаңтар 2023

news-img

«Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында үш салалық кәсіподақ ұйымдарымен келіссөздер жүргізілді. Талқылау қорытындысы бойынша Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

Бүгін «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Ақпарат, коммуникациялар және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Абылай Әбішевтің, Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Хаджимурат Темірхановтың, Ақпарат, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының төрағасы Уәлішер Байсариевтің қатысуымен «Қазпошта» АҚ-ның Ұжымдық шартына салтанатты түрде қол қойылды.

«Отыз және одан да көп жыл үздіксіз еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін зейнеткерлік жасқа толған және еңбек шарты бұзылған жағдайда үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленетін болады, бұрын бұл тармақ болмаған. Сондай-ақ еңбек шарты бұзылған кезде 1-ші немесе 2-ші топтағы мүгедектігі бар филиалдардың қызметкерлері үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алатын болады, бұған дейін бір орташа айлық жалақы болған», - деп түсіндірді Әсел Жанасова.

Шартта өндірістік жарақат алған немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде науқастанып қалған қызметкерлердің мүдделері ескерілген. Олар жұмыскер жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе мүгедектік немесе кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқаны туралы анықтама берілгенше орташа жалақының кемінде 100%-ын төлей отырып жұмыстан босатылады. Бұрын осы санаттағы қызметкерлерге орташа жалақының 50%-дан аспайтын төлемдер төленген.

Қолма-қол ақша мен құндылықтарды тасымалдауға және жеткізуге байланысты қызметкерлердің тізімі кеңейтілді. Бекітілген мамандар тізбесімен қатар жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің бастықтары енгізілді, осы лауазым бойынша қызметкерлерге тәуекел үшін қосымша ақы қарастырылған.

«Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістерді қарау кезінде компаниядағы өнімділікке, әл-ауқатқа, қауіпсіздікке, қызметкерлердің уәждемесіне, әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсер ететін қызметкерлердің мүдделері ескерілді. Әлеуметтік тұрақтылық – бұл өндірістік және жеке көрсеткіштердің өсуінің, ұжымдық көңіл-күйдің, корпоративтік тұтастықтың, қызметкерлердің компания процестеріне тартылуының көрсеткіші», - деп атап өтті Абылай Әбішев.

Ұжымдық шарт қызметкерлерге емдеу және сауықтыру шығындарына кепілдік береді. 2022 жылы жолдама сатып алуға Қоғам қызметкерлерін санаторий-курорттық емдеуге арналған сомасы ұлғайды. Ұжымдық шарттағы өте маңызды тармақ – егер ата-анасының екеуі де «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері болса, әрбір ата-анаға төленетін бала туған кездегі біржолғы жәрдемақы.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.