26 қазан 2022
Бүгін Қазақстан Республикасының аумағында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 30 жылдығына» орай «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясының арнайы пошталық маркасы айналымға енгізілді. Марканы «Қазпошта» АҚ БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп шығарған.
«Біздің компания Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жылдығы сияқты айтулы оқиғаның құрметіне естелік пошта маркасын айналымға шығаруға қуанышты. Осы марка еліміздің әлемдік қауымдастықтағы рөлінің тамаша дәлелі болады деп ойлаймын. Биыл «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы аясында Қазпошта Қазақстанның АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдарға мүшелігінің 30 жылдығына және Қазақстанның Материалдық емес мұраны сақтау туралы конвенцияға қосылуының 10 жылдығына арналған маркалар шығарды. Сонымен қатар елімізде пошталық айналымда БҰҰ-ның 50 және 60 жылдығына орай шығарылған маркалар қолданылады», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
Өлшемі 26 х 29,6 мм пошта маркасы 10 000 дана таралыммен шығарылды. Марка парағы 8 маркадан тұрады. Парақ өлшемі 135 x 70 мм. Пошта маркасының номиналы – 700 теңге. Маркалар ультракүлгін бояумен және лакпен қорғалған. Суретшісі – Эльнара Байназарова.
БҰҰ-ның Қазақстандағы басшысы Микаэла Фриберг-Стори: «Марка кескіндемесінің негізі ретінде домбыраның таңдалуы кездейсоқ емес, өйткені қазақтың дәстүрлі домбыра күйі ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне енгізілген. Біз Қазақстанның осы отыз жыл ішінде тұрақты даму жөніндегі іс-әрекетін құптаймыз. Естелік пошта маркасының шығарылымы Қазақстанның сыртқы саясаты тарихындағы маңызды белес және тұрақты даму мақсаттарына бейімдігі туралы қоғам хабардарлығын арттырудың белгісі болып табылады», - деп атап өтті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.