26 желтоқсан 2022
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүшелігінің 30 жылдығына орай СІМ-де маркаға мөр басу рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымына (ЮНЕСКО) мүшелігінің 30 жылдығына орай пошталық маркаға мөр басу рәсімі өтті. Іс-шараға ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының, БҰҰ-ның, «Қазпошта» АҚ өкілдері, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Номиналы 900 теңгелік жаңа пошта маркасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген. Суретші – француз иллюстраторы Николас Журну. Аталған марка 10 000 дана таралыммен шығарылады.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.