«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Жедел желі

text

«Қазпошта» АҚ Жедел желісі!

«Қазпошта» акционерлік қоғамы бизнес жүргізуде адалдық, айқындық және ашықтық қағидаттарын ұстанады және қызметкерлеріміз бен серіктестердің осы қағидаттарды ұстануына ерекше назар аударады. «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің этика және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі Жедел желісі – бұл Компания қызметкерлерінің де, үшінші тұлғалардың да тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, заңсыз немесе теріс пиғылды әрекеттері туралы бізге құпия түрде хабарлау мүмкіндігі.

Жедел желі шеңберінде парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен, бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтармен, қорғалатын ақпараттың жария етілуімен, жалдау мен еңбектің тең емес жағдайларымен, этикаға жатпайтын мінез-құлықпен, денсаулыққа, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қауіп-қатермен байланысты өтініштер қаралады.

Біз барлық хабарламалардың, соның ішінде анонимдік хабарламалардың арыз берушінің құпиялылығын сақтай отырып, объективті қаралатынына кепілдік береміз.

Хабарламаларды барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады:

  • жедел байланыс желісі: 8 800 080 4747. (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін) немесе
  • электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz немесе
  • интернет-портал http://sk-hotline.kz/ немесе
  • WhatsApp мобильді қосымша: +7 771 191 8816

Жедел байланыс желісі тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді (24/7). Сонымен қатар, оператор қоңырауларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 мен 18.00 арасында қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса), телефон қоңыраулар хабарламаларды жазылу мүмкіндігімен бірге автожауапбергішке түседі. Жұмыс уақытынан тыс алынған хабарламалар, келесі бірінші жұмыс күнінде өңделеді.

Жедел байланыс желісі Қоғам қызметкерлері үшін, сонымен қатар Компаниямен өзара әрекеттесетін үшінші тұлғаларға да (тапсырыс берушілер, мердігерлер және басқа мүдделі тұлғалар) қол жетімді. Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық келіп түскен хабарламалар сыртқы тәуелсіз Оператормен қабылданады және өңделеді. Оператор күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы ақпаратты Комплаенс қызметіне күн сайын жібереді.

Егер сіз хабарлама жіберу кезінде өз деректеріңізді жария етпегіңіз келсе, олар тіркелмейді және Компанияға берілмейді. Дегенмен, сіздің хабарламаңызды тиімді және уақтылы өңдеу үшін сізден байланыс ақпаратын қалдыру сұралады. Бұл ретте жедел желіге жүгіне отырып, сіз сыртқы тәуелсіз оператор қызметкерлерінің Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуіне және алынған деректерді сіздің өтінішіңіздің кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін компанияның жауапты қызметкерлеріне беруге келісесіз.

Маңызды! Аталған жедел желі шұғыл қызмет, сондай-ақ тұтынушылармен жұмыс істеу қызметі болып табылмайды. Егер хабарлағыңыз келетін жағдай өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндірсе, тиісті шұғыл қызметтердің шақыру нөмірі бойынша дереу қоңырау шалуыңыз қажет. Көрсетілетін қызметтерге байланысты сұрақтар бойынша «Қазпошта» АҚ Бірыңғай байланыс орталығына 1499 нөмірі бойынша немесе https://post.kz/ сайтындағы чат-ботқа хабарласуыңызды сұраймыз.

«Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің этика және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мәселелері жөніндегі Жедел желісі өтініштер беру арнасы ретінде қарастырылмауы керек, себебі өтініштерді жүзеге асыру тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.


«Қазпошта» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жұмысшыларына арналған «Нысана» байланыс орталығы барлық әлеуметтік және еңбек бұзушылықтарына байланысты тәулік бойы тегін қоңырау қабылдайтынын хабарлайды.

«Нысана» байланыс орталығына

  • 8-800-080-30-30 көп каналды телефоны; -WhatsApp 8-702-075-30-30;
  • nysana.cscc.kz сайты;
  • nysana@cscc.kz электронды поштасы арқылы жүгінуге болады

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.