«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Халықаралық ынтымақтастық

Әлемдік пошта секторының басқа қатысушыларымен ынтымақтастықты кеңейтуге, көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға және өнімділікті арттыруға септігін тигізетін Дүниежүзілік Пошта одағына (ДПО) мүшелігі «Қазпочта» АҚ халықаралық қызметінің басым бағыты болып табылады. «Қазпочта» АҚ Posteurop Европаның мемлекеттік пошта операторлары қауымдастығының, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың (БӨЫ) мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық пошта операторы екіжақты форматта шетелдік пошта әкімшіліктерімен (ШПӘ) ынтымақтастықты дамытады.

Дүниежүзілік пошта одағы

2014 жылы Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесінің және Әкімшілік кеңесінің күзгі сессиясында «Қазпочта» АҚ-ға «Клиент кезегінің ағындарын автоматтандыру» жобасын үздік іске асырғаны үшін сертификат табысталды. Жоба ДПО мүше-елдердің арасындағы Қызмет сапасын жақсарту қоры есебінен қаржыландырылып, үздік жобалар тізіміне енгізілді. 2014 жылдың соңында «Қазпочта» АҚ мен ДПО арасында «Қазпочта» АҚ-ға пошта жөнелтілімдерін қадағалау жүйесіне қосылуға және IPS light бағдарламаларын және STEFI ақша аударымдары жүйесін пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі лицензиялық келісімге қол қойылды.

2015 жылдың сәуір және қараша айында Бернде (Швейцария) жұмысына «Қазпочта» АҚ делегациясы қатысқан, Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесі мен Әкімшілік кеңесінің кезекті сессиясы болды. 2015 ж. 6-7 қазанда Астана қаласында Еуропа және ТМД елдерінің 21 мемлекетінен өкілдердің қатысуымен ірі клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі халықаралық оқу семинары болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Қазпочта» АҚ, Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы. Халықаралық семинардың мақсаты: ірі клиенттермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы кәсіптік білімдерді арттыру.

PostEurop қауымдастығы

ДПО шеңберінде Қазақстан белгілі бір геоэкономикалық аймақтарды қамти отырып, векторлық қарым-қатынас орнатады. Осылайша, 2010 жылы Еуропа мемлекеттік пошта операторлары қауымдастығына кіруі Қазақстан Республикасы үшін Еуропа нарығына шығу және тиімді пошта байланысын жасаудың еуропалық тәжірибесін зерделеу бойынша жаңа перспективалар ашты. 2014 ж. маусымда «Қазпочта» АҚ сұрыптау орталықтарының, пошта бөлімшелерінің өндірістік процестеріне талдау жүргізу үшін PostEurop Еуропалық пошта операторлары қауымдастығынан сарапшылар келді.

Бұдан бұрын сарапшылар қызмет сапасын жақсарту жөнінде 4 жоба (іс-шара) ұсынған болатын. 4 жобаның ішінен «Қазпочта» АҚ енгізу үшін Халықаралық жоба мен Сапа жобасын ресми түрде таңдаған болатын. Бұл ретте, технологиялар бойынша ұсынылған қалған жобалар назардан тыс қалмады және тиісті филиалдардың жұмыс жоспарына енгізілген болатын.

Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар жүргізілген жұмыс пен іске асырылған жобаларды жоғары бағалады. Мысалы, еңбек шығыны мен шығыстарды үнемдеу мақсатында, сондай-ақ клиенттердің жайлылығы үшін ірілендірілген байланыстың жеткізу бөлімшелері құрылды, жай жазбаша хат-хабарды жеткізудің бақылау мерзімі белгіленді, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ пошталық қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында ұсыным сипатындағы көптеген басқа да ұсыныстар іске асырылды. 2014 жылғы қыркүйекте Сан-Марино Республикасының Сан-Марино қаласында PostEurop пленарлық ассамблеясы өтті, оның барысында «Қазпочта» АҚ жарналардың екінші класынан бесінші класына көшіру туралы жарияланған болатын, бұл компания қызметі жақсарғанын мойындауды білдіреді.

Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық

Кеңес одағынан кейін пайда болған елдерді біріктіретін Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастыққа мүшелік біздің мемлекетке әлеуметтік-экономикалық жағдайларда тез өзгеретін жаңа тәуекелсіз мемлекеттердің пошта ұйымдарымен пошта байланысы саласындағы өзара тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. «Қазпочта» АҚ-ның БӨЫ жұмысындағы белсенді ұстанымы Ынтымақтастыққа қатысушы-елдермен тұрақты үйлестікті, озық тәжірибемен алмасуды, ақпараттық-коммуникациялық және пошталық технологияларды біріздендіру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тараптар БӨЫ мүше-елдер арасында поштамен алмасу қауіпсіздігін арттыру жұмысын бірлесіп істейді, ортақ күш-жігермен басқа халықаралық ұйымдарда бірыңғай ұстанымды қалыптастырады.

2015 жылғы 8 қазанда Астана қаласында Пошта байланысы саласындағы БӨЫ комиссиясы мүшелерінің, БӨЫ Пошта байланысы операторлары кеңесі мүшелерінің, БӨЫ Атқарушы комитеті мен ДПО Халықаралық бюросы өкілдерінің қатысуымен Пошта байланысы саласындағы БӨЫ комиссиясының бірлескен 40-отырысы және БӨЫ Пошта байланысы операторлары кеңесінің 29-отырысы өтті. Отырыста ДПО 26-конгресіне (2016 ж. қыркүйек-қазан, Стамбул қ., Түркия) дайындық мәселелері, ДПО Поштаны пайдалану кеңесінің сессиясының қорытындысы, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың Байланыс әкімшіліктерінің БӨЫ тақырыптамасы бойынша пошта маркаларын шығаруды ұйымдастыру жөніндегі келісімінің іске асырылу барысы және т.б. қарастырылды. Сондай-ақ, БӨЫ құрылғанына 25-жылды мерекелеуге дайындық және Пошта саласындағы БӨЫ комиссиясының, БӨЫ Пошта байланысы операторлары кеңесінің және БӨЫ Пошта байланысы операторлары кеңесінің жанындағы жұмыс топтарының 2013-2016 жж. арналған жұмыс жоспарларын өзектендіру мәселелері талқыланды.

Екіжақты ынтымақтастық

Екіжақты ынтымақтастық және байланысты кеңейту шеңберінде 2015 жылы мынадай іс-шаралар іске асырылды:

2015 ж. 21-23 қаңтарда Литва поштасының делегациясы Астанаға келді. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен бірнеше жұмыстық кездесулер өткізілді. Кездесуде пошта жөнелтілімдері транзитінің мәселелері қаралды.

2015 жылғы 22-24 қаңтарда Мәскеу қаласына Қоғам делегациясы сапармен барды. Логистикалық жүйені қалыптастыру тәжірибесін, гибридтік электрондық пошта жұмысын зерделеу үшін Ресей Федерациясының «Ресей поштасы» тағайындалған операторының бірқатар өндірістік объектілерін аралады. Ақпанда «Toshiba» компаниясының делегациясы келді (Пошталық автоматтандыру департаменті басшысының кеңесшісі (Жапония), Пошталық және логистикалық жүйелерді дамыту жөніндегі директор (АҚШ) және ТМД «Toshiba» Өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жабдық департаментінің директоры (Ресей). Компания делегаттары Алматы мен Астана қаласының өндірістік объектілерінде болды. Делегаттар сұрыптау орталықтарын әзірлеу және енгізу процестерін таныстырды.

Маусым айының басында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында Қазақстан-Араб қатынастарын дамытуға арналған пошта маркаларын бірлесіп шығару туралы меморандумға қол қою мақсатында «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Б. Мусин БАӘ-ге сапармен барды. Маркаларда ҚР Мемлекет басшысы-Президенті Н. Назарбаев және БАӘ Президенті шейх Халиф бен Заид Аль Нахаян бейнеленген. Пошта маркаларын бірлесіп шығару туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі ағымдағы жылғы 9 маусымда БАӘ Дубай қаласында өтті.

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте «Инвест Гонконг» компаниясының өкілдерімен Қоғам өкілдерінің кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара іс-қимылды талқылау. Кездесуде мынадай мәселелер қаралды:

  • Жібек жолы экономикалық белбеуі және Гонконг артықшылығын пайдалана отырып, оны іске асыру мүмкіндіктері;

  • ҚХР аумағында қызметті қолдау үшін Гонконгта бизнесті ұйымдастырудың практикалық аспектілері;

  • Гонконгта капиталды тарту мүмкіндіктері;

  • Гонконгта және Қытайда Қазақстан Республикасының және керісінше Қазақстан Республикасында Гонконгтың және Қытайдың іскерлік мүмкіндіктерін алға жылжыту бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру мүмкіндіктерін талдау​.

2015 ж. 18-19 қыркүйекте Астана мен Алматы қаласында «Қазпочта» АҚ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдерінің ҚХР байланыс саласындағы реттеуші делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу пошта байланысын дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылды.

27 қыркүйек пен 2 қараша аралығында «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Б.Мусин Postexpo-2015 халықаралық көрмесіне қатысу және Франция және Германия пошта әкімшіліктерінің өндірістік объектілеріне бару мақсатында Париж және Берлин қаласына сапармен барды.

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.