«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Жалғыз акционер

«Қазпошта» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы болып табылады. Қор "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен "Қазына "орнықты даму қоры" және "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған.

Қор қызметінің негізгі мақсаты- Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Қор қызметінің негізгі принциптері:

1) Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;

2) Қордың және Қор тобына кіретін басқа да ұйымдар қызметінің кірістілігі, тиімділігі, транспаренттілігі мен есептілігі;

3) шешім қабылдаудағы және оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдік;

4) Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;

5) заңдылығы.

Қордың негізгі міндеттері:

1) Қор тобына кіретін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін арттыру;

2) Қор тобында корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін енгізу;

3) Қор тобында инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеу мен енгізуге ынталандыру;

4) Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға қатысу, Қор тобына кіретін ұйымдардың инвестициялық белсенділігі үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климатты жақсарту;

5) ұлттық, салааралық және аймақтық ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, қазақстандық экономиканы жаңғырту әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу.

Қор туралы толық ақпаратпен www.sk.kz сайтында танысуға болады.

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.