«Қазпошта» АҚ парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және кез келген өзге заңнамалар мен компанияның этикалық нормаларын бұзуға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және үздік халықаралық практикаларды ұстану үшін «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жаңа редакцияда бекітті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес, «Қазпошта» АҚ клиенттермен және контрагенттермен іскерлік қатынастар орнату кезінде «Қазпошта» АҚ-ның немесе «Қазпошта» АҚ жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметке тартылу тәуекелін барынша азайту үшін барлық ықтимал күш-жігерін жұмсайды. Осы мақсатта келесі құралдар қолданылады:
• белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуетті контрагенттердің, олардың акционерлерінің және бенефициарлық иелерінің сенімділігі мен іскерлік беделін кешенді тексеру;
• контрагенттерден «Қазпошта» АҚ-да белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды сақтауды талап ететін, жасасатын шарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелерді енгізу;
• «Қазпошта» АҚ жұмыскерлерінің кәсіптік одақтарынан басқа, саяси қызметті, саяси және қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыруға «Қазпошта» АҚ қатыспайды;
• «Қазпошта» АҚ ұсынылған сыйлықтардан, ойын-сауық пен қонақжайлылықтан толығымен бас тарту саясатын қабылдады, сондықтан серіктестер мен клиенттерге сыйлықтар беруге және алуға тыйым салынады, сонымен қатар «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне серіктестер мен клиенттерге сыйлықтар ұсынуға тыйым салынады. Ыңғайсыз жағдайларды болдырмау үшін барлық контрагенттер мен Қоғамның мүдделі тараптары сыйлықтарды қабылдау, ойын-сауық және қонақжайлылық бөлігіндегі белгіленген шектеулермен мүмкіндігінше танысуы тиіс;
• ұсынылған сыйлықтардан, ойын-сауық пен қонақжайлылықтан толық бас тарту саясаты қабылданды, сондықтан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне серіктестер мен клиенттерге сыйлықтар ұсынуға, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ серіктестері мен клиенттерінен сыйлықтар алуға тыйым салынады. Ыңғайсыз жағдайларды болдырмау үшін барлық контрагенттер мен «Қазпошта» АҚ- ның мүдделі тараптары сыйлықтарды қабылдау, ойын-сауық және қонақжайлылық бөлігіндегі белгіленген шектеулермен мүмкіндігінше танысуы тиіс.
Қандай да бір мәселелер бойынша Комплаенс – бақылау қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз compliance@kazpost.kz
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.