Басқарудың функционалдық құрылымы
ҚР заңнамасына сәйкес Компанияны басқару құрылымы мына басқару органдарынан тұрады:
жоғарғы орган – Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ; басқару органы – Директорлар кеңесі – жалпы басшылықты және Компания қызметі мен Басқарма қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады; атқарушы орган – Басқарма – Компанияның ағымдағы қызметін басқарады. Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) – Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласында Компания қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару және консультация беру саласындағы құжаттардың орындалуына баға береді. Жалғыз акционердің мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған рәсімдерді Компанияның лауазымды тұлғалары мен органдарының сақтауын, сондай-ақ Компанияның корпоративтік басқару аясындағы ережелері мен заңнама нормаларын, Жарғы ережелерін және Компанияның өзге де ішкі құжаттарын ұстануын қамтамасыз ету Корпоративтік хатшыға жүктеледі. Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және өткізуді бақылайды, Директорлар кеңесі отырысына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оған қолжетімділікті бақылайды.
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерінің нақты және дұрыс ақпаратты уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Компания Басқармасы алқалы атқарушы орган болып табыла отырып, барлық операциялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.