«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Экология

Экологиялық іс-шараларды жоспарлаған кезде Компания өзінің технологиялық және қаржылық мүмкіндіктерін назарға алады. Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде іс-шараларды жоспарлау:

  • мемлекеттің заңнамалық талаптарына және халықаралық талаптарға;
  • дамыту стратегиясы және ішкі құжаттарға; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік талаптарына;
  • жүргізілген тәуекелдерді бағалау нәтижесіне;
  • қоршаған ортаның мониторинг нәтижелеріне;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау нәтижелерінің талдауына негізделеді.

Ресурстар және шығарылымдар

Компания ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны ұқыпты ұстауға тырысып, келесі қағидаларды ұстанады: ‒ қоршаған ортаның жағдайына кері әсердің алдын алу, үздік табиғатты қорғау тәжірибесін қолдану; ‒ экологиялық таза технологияларды дамытуға және таратуға әрекет ету; ‒ қоршаған орта саласында нормалар мен ережелерді сақтау, апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қолдану. Мысалы, су ресурстары тек қана шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге ғана қолданылады (персоналдың ауыз суына мұқтаждығы, ғимараттар мен үй-жайларда гигиена сақтауға, жазғы уақытта аумаққа су себу және жасыл көшеттерді суару). Нысандардың сумен жабдықталуы орталықтандырылған, кейбір Қ/АПБТ, ПББ, АПББ-да сырттан әкелінген су қолданылады. Қызмет барысында шаруашылық-тұрмысты ағынды су пайда болады. Ағынды суларды қолданыстағы кәріз және/немесе септик жүйелеріне бұру жүзеге асырылады. Көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмыстар жүргізу шеңберінде «Қазпошта» АҚ өз қызметінің нәтижесінде жүзеге асырылатын зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларының есебін жүргізеді. Қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері көмірмен, дизель отынымен, табиғи газбен жылытылатын пештер мен қазандықтар, автокөліктер болып табылады. Бекітілген «Қазпошта» АҚ-ның Төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2031 жылға дейін төмен көміртекті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, онда ағымдағы жылдан бастап нақты міндеттер белгіленген 5 бағыт бөлінді:

  • альтернативті, экологиялық таза жылуды енгізу, яғни объектілерді газдандыру;
  • энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, атап айтқанда, жарық диодты жабдықты қолдану арқылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту;
  • «таза» көлікті дамыту, атап айтқанда, ЕУРО-5 экологиялық класындағы қозғалтқыштармен жабдықталған көліктерді сатып алу;
  • жаңартылатын энергия көздерін енгізу (күн батареяларынан электрмен жабдықтау);
  • парниктік газдарды сіңіру ретінде орман-климаттық шаралар, яғни құрылыстардан бос өз аумағында жасыл желектерді отырғызу арқылы аумақтарды абаттандыру. Компанияның қызметі оның қатысу аумақтарындағы биоәртүрлілікке айтарлықтай әсер етпейді. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің немесе қорықтардың аумақтарында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан объектілер жоқ.

Энергияны үнемдеу

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғам филиалдарының объектілерінде энергетикалық аудит жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша жоспар бекітіледі және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.