Өз міндеттерін орындау үшін Компания клиенттерге пошталық-логистикалық және қаржы-агенттік қызметтерді жылдам және сенімді алуға мүмкіндік беретін тиімді экожүйе негізінде заманауи цифрлық қоғамды дамытуды қамтамасыз етеді. Аталған қызмет аймақтарда маңызды экономикалық үлесін қосуда.
Қазіргі уақытта Компания қызметінде климаттың өзгеруіне байланысты маңызды тәуекелдер жоқ. Өз кезегінде экологиялық қауіпсіз технологиялар арқылы өндірістік әлеуетті жүзеге асыруды іздейміз.
Энергия үнемдейтін жарықтандырушылар орнатылған, көлік газ баллонды жабдыққа ауысқан.
Ұжымдық шарт әрекетте, ол қаржылай өтемақы түрлерін, жұмыскерлердің әлеуметтік жеңілдіктерін қарастырады. Төлемдер индексациясын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік төлемдердің көлемі айлық есептік көрсеткішке байланыстырылып белгіленген.
Ұжымдық шарт шегінде кәсіподақтың қаысуымен әр түрлі әлеуметтік уәждемелер бойынша біржолғы төлемдерді төлеу қарастырылған, бұл қаражат ай сайын бөлінеді. Жұмыскерлер үшін әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған, олар ҚР заңнамасымен және ішкі құүжаттармен реттеледі.
Жанама экономикалық әрекеттер
Аймақтарда көрсетілетін экономикалық салымдардан басқа Компания дамудың әр түрлі салаларында ықпал етуді едәуір кеңейтуде. Мысалы отандық интернет-дүкендеордің қожайындары үшін «Open API «KazpostStore» функционалы енгізілген, ол өз сайттарында Қазпоштаның пайдалы сервистерін пайдалануға мүмкіндік береді. «Жаңа пошта индекстері», «Жеткізу құнын есептеу», «Мекенжай ұяшығын іздестіру» және «Тренинг» сияқты қызметтер. Бұл қызметтер интернет-дүкендерге, жеткізу қызметтеріне және өзге де компанияларға индекс белгілеу, сәлемдемелер мен хаттарды іздеу, жеткізу құнын есептеу және т.б. үшін деректерді қолдануға мүмкінді береді.
Компания әріптестік желіні дамытады, қазіргі уақытта бізбен жуық сату нүктелерін ашқан.
Эскпортты оңтайландыру бойынша заңнамалық бастамалар енгізілді. Кәсіпкерлер үшін қаржы, цифрлық және салықтық сауаттылық бойынша оқыту курстарын енгізілді, сондай-ақ кәсіпкерлерге электрондық сауданы жүргізу бойынша кешенді сервистік қолдау көрсетілді. Бұл қызметтерді фулфилмент-орталықтар және E-commerce орталықтар атқарады.
«Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ «Эксимбанк Казахстан» АҚ салымшыларының кепілді өтемдерді төлеу үшін Қазпоштаны таңдады. «Самрұқ Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының ипотекалық кредиттерін сол сияқты Қазпошта арқылы төлеуге болады.
Компания Қазақстанның аймақтарында «ыңғайлы» түбіртектерді жеткізеді. Коммуналдық қызметтер үшін төлем түбіртектері бірдей. БТҚ жобасы (бірыңғай төлем құжаты) әкімдіктермен бірлесіп Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Түркістан, Кентау, Атырау және Алматыда жұмыс істейді. Ынтымақтастық коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтерді жеткізушілермен жүргізілуде. Түбіртектерді «Post ЕРЦ» бірыңғай есептеу орталығының жүйесімен қалыптастырады, содан кейін басылған түрінде абоненттерге жеткізіледі.
Коммуналдық кәсіпкерлер үшін аталған жұмыс барлық абоненттер бойынша шоттарды қалыптастыруға, қағаз, басып шығару және шот-хабарламаларды жеткізуге шығындардың азаюын қамтамасыз етті. ЕДБ-мен келісімшарттар жасау қажеттілігі жойылды. Жобаны жүзеге асыру әр түрлі компаниялардың көптеген шот-хабарламаларының түбіртектерін жоюға мүмкіндік берді. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобаларына қаражатты жеткізу жөніндегі әлеуметтік қызмет және мүгедек тұлғаларды сауықтыру қызметтері порталын енгізу шегінде қатысушы болып табыламыз. Жақында аударма қосылады
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.