Әлеуметтік тұрақтылық стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Жауапты және еңбекқор жұмыскерлер өте құнды ресурс және заманауи, динамикалық дамып келе жатқан ұйымның артықшылығы болып табылады. Біз жұмыскерлермен қатынастың барлық салаларында этикалық норманың қағидаларын сақтауға тырысамыз. Ішкі құжаттар (Корпоративтік басқару кодексі, Іскерлік этика кодексі, Кадрлық саясат) қатынастардың негізгі басым бағыттарын анықтайды.
Кадрлық саясат персоналды басқаруда үздік тәжірибені енгізуге бағытталған. Жасалған әдістер және персоналмен жұмыс саласында үздік тәжірибені есепке ала отырып кадрлық менеджмент құралдары персоналдың дамуын қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілді қалыптастырды.
HR стратегиясының басты мақсаты адами ресурстарды басқарудың бірыңғай жүйесін құру жолымен персоналды басқару тиімділігін арттыру болып табылады. Аталған стратегия шегінде жұмыс күшін кеңейту мақсатында үлгілік шарттар жандандырылды, әр түрлі бағыттар бойынша оқытулар жүргізілді, штатты оңтайландыру жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушылық құрылым персоналдың даму тиімділігін қамтамасыз етуде маңызды буын болып табылады. Аталған бағыт бойынша жобаларды басқару және өзгерістерді басқару саласында құзіреттілікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда: персоналды жұмысқа қабылдағанда және персоналға кешенді бақылау жүргізген кезде 100% бағалаумен қамту қамтамасыз етілді; сегіз жұмыскер IPMA стандартындағы халықаралық сертификат алды; жетпіс сегіз жұмыскер өзгерістерді басқару, сондай-ақ жобалық басқару бойынша ішкі оқытудан өтті.
Жалдау процесін тездету және команданы жылдам жинауды қамтамасыз ету үшін кадрларды есепке алу процесі автоматтандырылды, әрбір жоба бойынша командада рөлдің нақты профилі қалыптасты, жобалық команданың ресурстарын басқару процесі құрылды. Жоба басшыларын келіссөздер дағдысына, жүйелік ойлауға және коммуникацияға үйретеді. post.kz жобаларында Agile-тәсілдері және цифрлық кеңселердің ұшуы жүзеге асырылды. Жұмыс қорытындысы бойынша жобада жобаны сәтті аяқтағы үшін бонустар көзделген.
Кадрлық әкімшілеу бойынша жұмыс 31 HR-процесс бойынша жүргізіледі. ВҚолданысқа 22 процесс енгізілді, «Тағылымдама және тәжірибе», «Персоналды іздеу және іріктеу», «Оқыту» және т.б. қоса алғанда көптеген процесстер автоматтандырылды.
Ішкі коммуникациялар жылдам өзара әрекеттесудің жеңілдетілген құралдарын пайдалану қамтамасыз етілді: DropBox, Telegram, Youtube, Google disc және т.б. Мақсат қоюдың айқындылығы мен көрнекілігі, есептілік және кері байланыс тиісті бағдарламалық жасақтамалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.